Оқу процесі

Оқу бағдарламасы

Біздің білім беру жүйеміз Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бағдарламасына негізделген. Жүйе орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті бағдарламасын қамтиды. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасы «Bilim Innovation» ұлттық қоғамдық қормен бірлесе құралған.

Лицейіміздің білім беру бағдарламасы  қазақ сыныптардың оқушыларына арналған және 4 тілде жүргізіледі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, түрік тілі.

Лицей білім беруде мынадай жалпы білім беру бағдарламасын іске асырады. Білім беру мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қазақ тілінде өтетін сабақтар:

  • Қазақ тілі;
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақстан тарихы;
  • Дүниежүзі тарихы;
  • География;
  • Эссе (8 сыныптан бастап)
  • Алғашқы әскери дайындық (9 сыныптан бастап)
  • Құқық негіздері;
  • Өзін-өзі тану;
  • Дене шынықтыру;
  • Көркем еңбек 

Ағылшын тілінде өтетін сабақтар:

  • Математика;
  • Физика;
  • Химия;
  • Биология;
  • Информатика;
  • Ағылшын тілі;

Одан басқа:

  • орыс тілі;
  • түрік тілі.

CLIL

CLIL (Content and Language Integrated Learning немесе пәндік-тілді кірістірілген оқыту) - арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үдерісінде пәндік-тілді кіріктірілген оқыту. CLIL технологиясы – белгілі бір пәндік сала бойынша білім дағдыларын қалыптастырады; ағылшын тілінде пәннің мазмұнын, осы пәнге қатысты тақырыпты меңгереді және пәнге қатысты ойлау қабілеттерін дамытады; тілдік ортаға толығымен енеді.

PBL

Лицейлер жыл сайын барлық пәндер бойынша жобалық іс-шараларды белсенді жүргізеді. Project Based Learning (PBL) – әр түрлі типтегі жобаларға негізделген студенттердің оқу жүйесі. Бұл тәсілдің негізі – зерттеу жұмыстары. Оған 7-11 сынып оқушылары қатысады. Жобаның тақырыбын таңдау белгілі бір пән оқытушысының келісімімен таңдалады. Жобалық оқытудың мақсаты – жаңа білімді меңгеру; когнитивтік және практикалық мәселелерді шешу; қарым-қатынас дағдыларын меңгеру; топтық жұмыс дағдылары; өзіндік зерттеу дағдыларын дамыту (мәселелерді анықтау, ақпарат жинау, бақылау, эксперименттер жүргізу, талдау, гипотеза құру).

EDUPAGE

Смартфондағы ішінде мектеп күнделігі мен журналы бар қосымша немесе веб-сайт. EDUPAGE мүмкіндіктері және функциялары:
• Барлық сабақтардың кестесі және тайм-менеджмент. Құрылған сабақ кестесі жарияланғаннан кейін барлығына хабарландыру ретінде жіберіледі. Сол кестеден әркім сабақтың қай уақытта, қай сыныпта өтетінін және оны қай мұғалім жүргізіп жатқанын көре алады. Сабақ кестесіне уақытша өзгерістер енгізілуі мүмкін, енгізілген жағдайда барлығы бірден студенттерге хабарланады.

• Байланыс. Бұл платформа арқылы сіз барлық мұғалімдерге хабарлама жібере аласыз, оның ішінде үй тапсырмалары мен жобаларды да жіберіп, тіркей аласыз. Мұғалімдер сыныпта кім бар екенін белгілей алады және ата-ананың оны бақылауға мүмкіндігі болады. Мұғалім, оқушы, ата-ана, мектеп әкімшілігі – барлығы бір-біріне хабарлама жіберуге, сондай-ақ онлайн кездесулерге де мүмкіншіліктер жасалған.

• Бағалар. Бұл платформадағы электронды журналдың барлық мүмкіндіктері бар. Бағалар, үй тапсырмасы, кері байланыс, түсініктеме жіберу және т.б. Қосымшаның онлайн оқытуға кірген студенттермен жұмыс істеуге мүмкіншіліктері бар.