Талапкерлерге

Мектепке қабылдау ережелері

Лицейімізге 6 сынып бітірген, қабылдау конкурсының 2 кезеңінен өткен қыз балалар қабылданады. Құжаттарды қабылдау рәсімі 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асырылады. Үміткердің заңды өкілдері www.bilemtihan.kz сайтындағы онлайн-форманы және конкурсқа қатысу өтінішін толтырады.

Тестілеудің бірінші кезеңінің нәтижелерін қабылдау комиссиясы 15 күнтізбелік күннен кейін онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар (немесе басқа заңды өкілдері) сайтта өздерінің жеке коды бойынша нәтижелерін көре алады.

Бірінші кезеңнің өткізілу мерзімі: аудандық: 22.04.2023, қалалық: 30.04.2023. Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші – «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (әр*дұрыс жауап + (-1)*қате жауап = Жалпы қорытынды ұпай). 

Нәтижелер үшін тек жауап парақтарында белгіленген жауаптар есепке алынады, Сұрақ кітапшаларында жазылған ақпарат есепке алынбайды.

 

Емтиханның өту барысы

Ата-аналар (немесе басқа заңды өкілдері) өзінің жеке коды арқылы www.bilemtihan.kz сілтемесі бойынша нәтижелерін көре алады.

Қосымша толық мәліметтер алу және сол жылғы конкурстың нақты күндерін білу үшін осы сілтемеге өтіңіз https://bil.edu.kz/talapkerge/

knigi2

I кезең

30.04.2023

Математика және логика – 50 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ

Тестілеуге – 110 минут беріледі.

II кезең

07.05.2023

Математика және логика – 50 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ

Тестілеуге – 110 минут беріледі.

728x485_1_7094fc076cb82f95d4f70d00dde17796@1100x733_0xac120003_2990991941630382900

Әлеуметтік осал топтар(ӘОТ) бойынша үміткерлерді тіркеу және қабылдау емтиханы негізгі қабылдау емтиханымен бірге өтеді. Жалпы қабылданған оқушылардың 15%-ына квота беріледі.

Тест үлгілері

ЛИЦЕЙГЕ ҚАБЫЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДЕН ӨТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Play Video

Жиі қойылатын сұрақтар

6 сынып бітірген қыз балалар кіре алады.

  • https://bil.edu.kz сайтынан,
  • лицейлердің инстаграм парақшаларынан,
  • лицейлердің ресми сайттарынан.

Тіркелсеңіз де барлық қабылдау емтихандары барлық лицейлерде бір уақытта болғандықтан тек бір жерден ғана емиханға  кіре алады.

Уақытты үнемді қолдану, ең басында оңай сұрақтарды жасап алу, кейін қалғандарын, жауап парақшасын толтыруға кемінде 10 минут жұмсап өте мұқият толтыру (аппеляцияға тек жауап парағына жазылған жауаптар ғана қабылданады). Білмеген сұрақ жауабын белгілемей бос қалтыру, өйткені 4 қате жауап 1 дұрыс ұпайды жояды. Емтиханнан 1 күн бұрын бала жақсылап тынығып алғаны дұрыс, емтиханға барар алдында асқазанына кері әсер беруі мүмкін ас жемегені абзал.

Тіркелгеннен кейін үміткерге суреті бар тіркелу парағы беріледі (немесе онлайн тіркелсеңіз шығарып аласыз), су, калам-қарындаш. Осыдан басқасына рұқсат етілмейді.

Емтихан 10:00-де басталса да 09:00-ден кешікпей келулеріңізді сұраймыз. Осы уақыт арасында түсіндіру жұмыстары мен орналастыру кезеңі болады. 10:00-ден кешігіп келгендер емтиханға қабылданбайды. Емтихан басталды дегеннен бастап қосымша уақыт берілмейді.

Сұрақтар математика-логика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы  6 сыныптарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру   бағдарламасына сәйкес жасалынған. Көбірек математика-логика сұрақтыры болғандықтан дайындықты ертерек бастап, осыған сәйкес сұрақтарға дайындалуға  болады.